Діни бірлестіктер көшбасшыларының кездесуі өтті

Діни бірлестіктер көшбасшыларының кездесуі өтті

2024 жылғы 4 қыркүйекте Қарасай ауданындағы «Home Club» кешенінде Алматы облысының діни бірлестіктер көшбасшылары клубы мүшелерінің  кездесуі өтті.

Іс-шараға облыс аумағындағы түрлі конфессия өкілдері қатысып, Клубтың ағымдағы жылғы жоспарымен таныс болды.

Қатысушылар іс-шараның ұйымдастырылуын жоғары бағалап, әртүрлі конфессиялар арасындағы достық байланыстар мен өзара түсіністікті нығайтуға бағытталған жұмыстың маңыздылығын атап өтті.