
Ағымдағы жылдың 28 тамызында Қонаев қаласының Қазақ мектеп лицейінде жастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында ақпараттық-түсіндіру жұмысы жүргізілді.
Шара жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қоғамдағы бейбітшілікті сақтау жөніндегі білімдерін жетілдіруге бағытталған.
Ақпараттық-түсіндіру жұмысын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің PhD докторанты Әл-Фараби Болатжан жүргізді.
Шараға 100-ден астам оқушы қатысты.