
Ағымдағы жылдың 27-29 тамыз күндері Қарасай ауданындағы «Алтын орда» сауда-саттық орнында өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтар, еңбек мигранттары және қандастар арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында «Open Air» форматында үш күндік акция ұйымдастырылды.
Түсіндіру жұмыстарын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистрі Әліп Тұрсынғали және заңгер Айдын Нукенов жүргізді.
Шара барысында қатысушыларға арнайы дайындалған ақпараттық материалдар, парақшалар мен буклеттер таратылды.