
Ағымдағы жылдың 2 қыркүйегінде Басқарма басшысы Е. Көшеке мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік қызмет туралы заңнаманың талаптарын, мемлекеттік қызметте болуға байланысты заңмен көзделген шектеулерді және мемлекеттік қызметшілердің құқықтарын сақтауға бағытталған іс-шараларды жан-жақты және сапалы орындау мақсатында түсіндіру жұмысын жүргізді.
Сондай-ақ, шара барысында мемлекеттік органда жұмыс уақыты режимін сақтау және қызметтік автокөліктерді нысаналы мақсатта пайдалану, мемлекеттік қызметшілердің ойын мекемелеріне барумен немесе ақшалай немесе өзге де мүліктік сипаттағы құмар ойындарға қатысумен байланысты бұзушылықтардың алдын алу, құмар ойынға тәуелділікті болдырмау мәселелері де талқыланды.
Шараға мемлекеттік қызметшілер мен Басқармаға бағынысты орталықтар қызметкерлері қатысты.