ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ОНЛАЙН-БРИФИНГ ӨТТІ

ҚҰРБАН АЙТ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ОНЛАЙН-БРИФИНГ ӨТТІ

Алматы облысының өңірлік телекоммуникациялар қызметі  залында ұлық мереке Құрбан айтқа байланысты арнайы брифинг болып өтті. Брифингте Талдықорған өңірінің бас имамы Ардақ Нүсіпханұлы биылғы болатын Құрбан айт мерекесі және құрбандық шалу рәсімдері еліміздегі пандемияға байланысты ерекше форматта болатынын айтып берді. Соның арасында, құрбандық шалуға тапсырыс қабылдайтын арнайы qurban2020.kz сайтының жұмыс-барысымен таныстырды.