
Ағымдағы жылдың 19-23 тамыз күндері ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері комитетінің «Алматы облысында әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары бойынша семинар және әртүрлі форматтағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасы аясында «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен Талғар, Еңбекшіқазақ, Қарасай, Жамбыл, Іле аудандары мен Қонаев қаласында 15 шара өтіп, 300 адам қамтылды.
Шараларда Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты Ж. Қаңтарбаева, «Нұр-Мүбарак» университетінің журналист маманы, исламтанушы А. Кеңесбаева, «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының сарапшысы Н. Кәбірова, ҚМДБ Алматы облысы бойынша Әйел-қыздар секторының меңгерушісі, дінтанушы-психолог Н. Жаналиева қатысып, дәрістер оқыды.