Облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті

Облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған оқыту семинары өтті

Ағымдағы жылдың 22-23 тамыз күндері Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінің мәжіліс залында «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселелері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті.

Шараға облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері, атап айтқанда: дінтанушы-теолог мамандар, имамдар, психологтар мен аудан әкімінің идеоелогия саласы бойынша орынбасарлары, сондай-ақ аудандық ішкі саясат бөлімінің басшылары мен мамандары қатысты.

Жиында дін мәселелері бойынша Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі – Заң ғылымдарының профессоры, «ҚР терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының» ҚҚ басшысы Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы және театр педагогы, көркемсөз оқу шебері, жоғары категориялы кәсіби диктор Абзелбаев Мұрат Назтайұлы дәрістер оқыды.

Абзелбаев Мұрат Назтайұлы: «Тіл техникасы. Сөз әрекетінің элементтері. Ораторлық өнердің негіздері» тақырыбында сөйлеу техникасының меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп,  дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдермен бөлісті.

Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы: «Қазақстанның дін туралы заңнамасы. Зайырлылық –  мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздік туралы тұғыры, діни сенім бостандығы туралы түсінік» тақырыбында  жаһандық жағдайдағы терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрестің құқықтық негіздерін тоқтала отырып, келесі кезекте «Зайырлылық және зайырлылық мемлекет ұғымы, үні, сипаты, мәні. Зайырлылық және діни зайырлылық этика негіздері» тақырыбында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, принциптерін қатысушыларға түсіндірді.

Сонымен қатар, семинар мен тренинг барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойып, тұжырымды жауаптар алды. Сондай-ақ, шара соңынан қатысушыларға оқыту семинарына қатысқандығын растайтын арнайы сертификаттар табысталды.