Ағымдағы жылдың 10-14 тамыз күндері Алматы облысының Дін істері басқармасының қолдауымен «Адам және қоғам» қоғамдық бірлестігі мен ҚМДБ Алматы облысы өкілдігі ұйымдастырған облыс имамдарының біліктілігін арттыруға арналған 5 күндік оқыту курсы өткізілді.
Бұл шарада имамдар жамағатпен жұмыс жүргізуде жаңа әдістемелік тәсілдерді қолдануды, сондай-ақ облыстың діндар контингенті арасында діни экстремистік идеологияның таралуын алдын алудың әдіс тәсілдері бойынша курстан өтті.
Курстың ашылу салтанатында Алматы облысы Дін істері басқармасының басшысы Көшеке Ерғали Ахылбекұлы, Алматы облысының бас имамы Пірімқұлов Мадияр Тағайбайұлы және әлеуметтанушы Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы сөз сөйлеп, қатысушыларға 5 күндік курстың маңыздылығы мен мақсатын түсіндірді.
Курс барысында имамдардың біліктілігін арттыру үшін келесі сарапшылар дәрістер өткізді:
ШОМАНОВ Болат Шаймолдаұлы - Дінтану бағыты бойынша гуманитарлық ғылымдар магистрі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Терроризмге қарсы дайындық орталығының қызметкері;
БОРАНБАЙҰЛЫ Ұлан - заңгер, заң ғылымдарының магистрі;
СӘКЕН Салтан Сайранұлы - «Нұр-Мүбарак» университеті жанындағы Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының директоры, РАТТ мүшесі;
СМАҒҰЛОВ Нұржан Айдарұлы - Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті исламтану кафедрасының оқытушысы, магистр;
ЖАҚИЯНОВ Талғат- әлеуметтанушы;
ҚЫДЫР Төрәлі Еділбайұлы - ҚМДБ жанындағы Ислам ғылыми-зерттеу институтының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор;
БОТАҚАРАЕВ Бауыржан Қуанышбайұлы - Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, теология ғ. PhD докторы, РАТТ мүшесі;
МАМЫРБАЕВ Дидар Жетпісұлы - дінтанушы, Абай атындағы ҚҰПУ аға оқытушысы, дінтану магистрі;
ИМАММӘДИ Түсіпхан - Дінтанушы, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің оқытушысы, магистр;
ЖАҚСЫЛЫҚОВ Алмас Абзалович - Digital-маркетолог.
Аталаған курс облыс имамдарына жаңа әдістемелерді меңгеруге, діни экстремизмге қарсы тиімді шаралар әзірлеуге және жамағатпен жұмыс жүргізу тәсілдерін жетілдіруге мүмкіндік берді.