
Алматы облысының Дін істері басқармасы мен «Адам және қоғам» ҚБ ұйымдастырумен діни экстремизм мен терроризмнің идеологиясының таралуын алдын алу бойынша Полиция департаментінің аудан, қалалық жергілікті полиция бөлімдернің кәмілетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторлары арасында оқыту семинары өтті.
Семинардың мақсаты – қатысушылардың діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дін, заңнама, нормативтік құқықтық актілер және мемлекеттік бағдарламалар саласындағы біліктілік пен білім деңгейін арттыру.
Семинар барысында Әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ-дың аға оқытушысы PHD докторант, дінтанушы Е. Берікбаев, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам университетінің жанындағы «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл академиясының бас сарапшысы» дінтанушы, С. Сәкен, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы, философ А. Кудерина өздерінің тәжірибелерімен бөлісіп, қатысушыларға экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары туралы жан-жақты ақпарат берді.
Бұл іс-шара кәмілетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторларының кәсіби деңгейін көтеруге және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша тиімді шараларды қабылдауға ықпал етуге арналған.