
Алматы облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен «Радикалды діни идеологияға қарсы иммунитет қалыптастыру мақсатында социологиялық зерттеулер өткізу» жобасы жүзеге асырылуда.Бұл жобаны іске асыру барысында зерттеу орталығының социолог мамандары тарапынан әзірленген сауалнамалар негізінде «face to face» форматында облыс тұрғындарына сауалнама және 5 фокус-топ (1 облыстық орталықта, 4 аудандық орталықта) жұмыстары жүргізілді. Фокус-топ жұмыстары маусым айының 15-19 күні аралығында Алакөл, Іле, Еңбекшіқазақ, Панфилов аудандары мен Талдықорған қаласын қамтыды.