
Ағымдағы жылдың 4 мамырда Алматы облысы әкімдігінің жанындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша ақпараттық-түсіндіру тобы жұмысының ашылу дөңгелек үстелі және бір күндік оқыту семинары өтті.
Шараға аудандық ішкі саясат бөлімдерінің қызметкерлері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Қылмыстық атқару жүйесі Департаментінің теологтары, дінтанушылар, исламтанушылар, психологтар және т.б. дін саласындағы білікті мамандар қатысты.
Спикерлер ретінде Жақиянов Талғат Жәрдемқұлұлы - әлеуметтану ғылымдарының кандидаты,
Сабдин Асқар Калимжанұлы - Мақсут Нәрікбаев атындағы университетінің «Ислам және қазақ құқығы» орталығының директоры, исламтану ғылымының докторанты,
Құсаинова Мәншүк Асқарқызы - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының профессоры, психолог,
Кожатаев Айбол Қожатайұлы - Қонаев атындағы экономика және құқық академисының аға оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі шақырылды.
Олар ақпараттық-түсіндіру жұмыстарында қоғамда радикалды идеологияға деген иммунитетті және радикалды көріністерге төзімділікті қалыптастыруға бағытталған, халық арасында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу және оған қарсы іс-қимыл туралы дәріс оқыды.
Шараның соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды