Бір күндік оқыту семинарлары өтті

Бір күндік оқыту семинарлары өтті

2024 жылғы 21-22 мамырда Алматы облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Қарасай, Жамбыл, Талғар, Еңбекшіқазақ және Іле аудандарының орта білім беру мекемелерінің дінтану пәні мұғалімдері мен колледж директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарларына біліктілікті арттыруға арналған 1 күндік оқыту семинарлары өтті.


Іс-шара барысында діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша дін, заңнама, нормативтік құқықтық актілер және мемлекеттік бағдарламаларға қатысты дәрістер оқылды. Семинарға жалпы саны 122 адам қатысты.


Спикерлер ретінде Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы, философия ғылымдарының кандидаты - Қантарбаева Жанна Орынбасарқызы, дінтану магистрі - Абдрахман Сұлтан Мұрзахметұлы және Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аға оқытушысы - Кудерина Айжан Нурхамитовна тартылды.


Шараның соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.