
2024 жылғы 7-9 маусым аралығында Алматы облысы Дін істері басқармасының ұйымдастыруымен облыстық Дін саласындағы мәселелерді зерттеу, Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталықтарының қызметкерлерімен мешіт имамдарына арналған 3 күндік оқыту семинары өтті.
Семинар аясында дін саласындағы өзекті мәселелер, діни ахуалға талдау және мониторинг жүргізу, әлеуметтік желілерде SMM жұмыстардың әдістері, графикалық дизаин, азаматтық қоғаммен өзара әрекеттесу құралдары, шешендік өнер бағыттары қамтылды.
Іс-шараға спикер ретінде М. Нәрікбаев атындағы университеттің Ислам және қазақ құқығы орталығының директоры, исламтану ғылымының докторанты - А.Қ. Сабдин, ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебінің директоры, әлеуметтану ғылымдарының кандидаты - Т.Ж. Жақиянов, Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, кино және театр актрисасы, ”Сахна тілі” пәнінің оқытушысы - Б.М. Әліпбаева, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы қаласы бойынша филиалының профессоры - М.А. Құсаинова, Алматы қаласы Кеңес беру және оңалту орталығының директоры, теолог Р.Б. Қайыргелді, «Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті» университеті исламтану кафедрасының оқытушысы, магистр Н.А. Смағұлов, Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті Исламтану бойынша PhD, қауымдастырылған профессор А.Б. Әкімханов тартылды.
Шараның соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.