
23 сәуір күні, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында орналасқан “Есік гуманитарлық-экононмикалық” колледж студенттерімен “Интернет кеңістігіндегі діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу” тақырыбында кездесу өтті. Аталған кездесуге, Алматы облысы Дін істері басқармасының бас маманы Матаев Ерлан Жұманұлы қатысып, білім алушы студент жастарға қоғамның әлеуметтік-діни сипаттарын ұғындыра отырып, интернеттегі діни наным-сенімдер жайлы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, студенттер қойған сұрақтарға жауап берді.