
Қаламыздың халық көп шоғырланған жерлері мен сауда орындарында «Дәстүрлі емес діни ағымдардың қоғамға қауіптілігі» тақырыбында OpenAir форматындағы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Шара барысында «Жалған діни ағымдарға кіріп кетпеу амалдары» тақырыбында бүктемелер, «Интернет терроризм» тақырыбында флаерлар, қолдануға болмайтын сайттар тізімі мен әкімшілік айыппұл көрсетілген ескертпе қағаздары және де «Дін және мәдениет – руханият әлемі» газеті таратылды. Сонымен қатар, деструктивті діни ағымдарға қарсы әрекет ету мақсатында Арбат алаңы мен «Қарағаш», «Евразия», «Шаған» сауда үйлерінде ақпараттық таратпа материалдары үлестіріліп, «Діни әдебиеттерді қайдан алып жүрсіз?» тақырыбында рейд жұмыстары жүргізілді. Іс-шара барысында 300-ге жуық адам қамтылып, көкейде жүрген сауалдарға нақтылы жауаптар берілді.