
Алматы облысының дін істері басқармасы тарапынан дәстүрлі форматта 2016 жылдан бері діни бірлестіктер жетекшілерінің Клуб отырысы тоқсанына 1 рет ұйымдастырылып өткізіліп келеді. Әр Клуб отырысы түрлі тақырыптар аясында ұйымдастырылады. Бүгінгі күнге дейін діни бірлестіктер жетекшілерінің барлығы ХV Клуб отырысы өткізілді.
2023 жылдың төртінші отырысы 26 қазан күні облыс орталығы Қонаев қаласында «Рухани келісім – тұрақтылықтың іргетасы» тақырыбында ХVI рет ұйымдастырылды.
Клуб жұмысының мақсаты – Қазақстан біздің отанымыз, үлкен шаңырағымыз. Шаңырақтың керегесі кең болуына уықыттың мықты, бекем болуы әсер етеді. Елімізді еңселі шаңырақ деп есептесек, түрлі ұлттар мен ұлыстарды сол шаңырақты ұстап тұрған уықтары десек болады.
18-қазан – Рухани келісім күні. Бұл күн – адамдарды ұлты мен діни сеніміне қарамастан бір қоғамға біріктіретін тұрақтылық пен келісім күні болып аталып келеді. Мерекенің аталып өтуі мемлекетімізде бірлік пен татулық, ауызбіршілік пен сыйластық орнату болып табылады.
Діни бірлестіктер жетекшілері Клубының жұмысына Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы, басқа дәстүрлі және дәстүрлі емес діндер өкілдері, бұқаралық ақпараттық құралдары өкілдері, өңір дінтанушылары жалпы саны 25 адам қатысты.
Іс-шара дөңгелек үстел форматында өткізілді. Шараға Алматы облысы дін істері басқармасының басшысы м.а Ж.Ескендиров және «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» директорының м.а А.Асанов қатысты.
Клуб отырысының соңында діни бірлекстік жетекшілеріне және өңір дінтанушыларына Еліміздегі түрлі конфессия өкілдерінің өзара бірлігі мен татулығын сипаттайтын Рухани келісім күніне орай халық арасында бейбітшілік пен татулықты насихаттаудағы қызметі мен конфессияаралық келісімді дамытуға қосқан үлестері үшін арнайы алғыс хаттар мен сертфикаттар табысталды.
Шара қорытындысы бойынша діни бірлестіктердің өкілдері ұйымдастырушы тарапқа өздерінің алғыстарын білдірді.