«Медресе – қазақ ғалымдарының алтын ұясы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференциясы өтті

«Медресе – қазақ ғалымдарының алтын ұясы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференциясы өтті

23 қыркүйек күні, Алматы облысының орталығы Қонаев қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының ұйымдастыруымен «Медресе – қазақ ғалымдарының алтын ұясы» атты республикалық ғылыми-танымдық конференциясы өтті.

Ғылыми-танымдық конференцияға Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов, ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, Ғұламалар кеңесінің мүшелері мен ғалымдар, облыс имамдары мен медресе шәкірттері қатысты.

Алқалы жиында Ғұламалар кеңесінің мүшелері Шәмшәддин Керім, Төрәлі Қыдыр одан өзге Мақсат Тәж-Мұрат, Батқытжан Сатершинов, Құлмұхамед Махамбет, Мұхан Исахан және Бижан Илесбеков сынды ғалымдар қазақ жеріндегі алғашқы діни оқу орындары, қазіргі медреселердің білім беру жүйесі, XIX-XX ғасыр басындағы жаңа әдісті медреселердің тарихы турал толыққанды баяндама жасады.