“Ана болудың діндегі орны” тақырыбында дөңгелек үстел өтті

“Ана болудың діндегі орны” тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Ағымдағы жылдың 16 қыркүйек күні, Алматы облысының дін істері басқармасына қарасты “Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының” ұйымдастыруымен ҚМДБ- ға қарасты Алматы облысы бойынша өкілдігі және Қарасай ауданы “Атамекен” музейінде әйел- қыздар жамағаттары арасында, “Ана болудың діндегі орны” тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған дөңгелек үстелге аудан аумағындағы мешіт ұстаздары мен әйел жамағаттары қатысты.

Шара барысында орталықтың дінтанушы маманы Бақытнұр Нұрмағамбетова “ Жат ағымның жетегінде кеткен жастардың ата- анасына деген суық қарым- қатынасы жайында” Жұмабекова Мүнәйім Арынқызы мен “Әл-Азхар “университетінің түлегі Ғажап Жайнагүл қари ұстазымыздан сұхбат алды.


“Қазақ отбасындағы бала тәрбиесі” тақырыбында Алматы облысының әйел- қыздар секторы: Назерке Әкішқызы отбасыға қатысты қажетті мәліметтер берді.