
Ағымдағы жылдың 6 қыркүйек күні Алматы облысы дін істері басқармасының мемлекеттік-әлеуметтік тапсырысы шеңберінде облыстың ерлер жамағаты арасында «Шағын футболдан» жолдастық кездесу ұйымдастырылды.
Спорттық додада Қарасай, Еңбекшіқазақ, Іле, Талғар, Жамбыл аудандарының жамағаттарынан құралған «Барыс», «Ясин», «Умма», «Тәуекел» командалары өзара бақ сынасты. Жүзден жүйрік шыққандары арнайы жүлделермен марапатталды.
Шара барысында қатысушыларға дастархан жайылып, білікті теологтардың насихаты айтылды.
Жарыстың қорытындысы бойынша қатысушылар ерікті түрде сұхбат беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын жеткізді.