
Ағымдағы жылдың 10 тамыз күні Алматы облысының дін істері басқармасы және ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша филиалының «Әйел-қыздар» секторымен бірлескен жоспар аясында Жамбыл ауданы «Үшқоңыр» медресе-колледжінің кітапханасында әйелдер жамағатына кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында колледж ұстаздары, кітапхана меңгерушісі қатысушыларға кітапхана қорымен және студенттерді стандартты оқыту барысында басшылыққа алынатын оқу құралдырымен таныстырды. Шараға 28 әйел жамағаты қатысты.