
Алматы облысы дін істері басқармасы және ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша филиалының «Әйел-қыздар» секторымен бірлескен жоспар аясында Жамбыл ауданы, Қарғалы ауылы Үшқоңыр медресе-колледжінде әйелдер жамағатына семинар-тренинг ұйымдастырылды.
Шара барысында медресенің құрылу тарихы, жетістіктері баяндалған бейнеқойылым көрсетіліп, «Ұлттық құндылықтар: әйел және отбасы» тақырыбында дәріс тыңдалды, психологиялық тренинг жүргізіліп, «Білім-құндылық...» блиц-турнирі өткізілді. Белсене қатысқан азаматшаларға сыйлықтар тартылды.
Шара барысында «Үшқоңыр» медресесенің ұстаздары колледждің құрылу, шығу тарихы, оқытушылық құрамы, жетістіктерін баяндап, бейнеролик көрсетті.
Сонымен қатар, ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша әйел-қыздар сектор меңгерушісі Жаналиева Назерке Акишқызы «Ұлттық құндылықтар: әйел және отбасы» тақырыбында дәріс оқыды. Оңалту орталығының бөлім басшысы, психолог А.Жазылбекова қатысушылармен аталған тақырыпта психологиялық жаттығу өткізді. «Білім-құндылық...» айдары барысында азаматшалар қойылған сұрақтарға қызығушылықпен жауап берді.
Белсенді қатысушыларға сыйлықтар таратылды. Шараға жалпы 40 әйел қатысты.