Әйелдер қауымына Көлсай көлдері мен Қара және Шарын шатқалына "Инфотур" жобасы ұйымдастырылды

Әйелдер қауымына Көлсай көлдері мен Қара және Шарын шатқалына "Инфотур" жобасы ұйымдастырылды

Алматы облысы дін істері басқармасының әлеуметтік жобасы аясында әйелдер қауымына Көлсай көлдері мен Қара және Шарын шатқалына "Инфотур" жобасы ұйымдастырылды.

Мақсаты – әйелдер жамағатының отансүйгіштік, патриоттық сезімдерін дамыта отырып, деструктивті ағым ықпалдарына деген иммунитетін күшейту. 

Шара барысында қазақ үйдегі дастархан басында дәстүрлі діни құндылықтарды тереңінен түсіндірген лекторлар дәрісі, психолог тренингтері, мәнерлеп оқу сайыстары өткізілді. 

Сонымен қатар, Конституция күніне орай Қазақстан Республикасының Туымен бірге фотосессиялар ұйымдастырылды.