Медеу және Шымбұлақ тау-шаңғы жолдарына саяхат ұйымдастырылды

Медеу және Шымбұлақ тау-шаңғы жолдарына саяхат ұйымдастырылды

Ағымдағы жылдың 28 тамыз күні Алматы облысы дін істері басқармасының ұйытқы болуымен облыстағы әйелдер жамағаты және олардың балаларымен Медеу және Шымбұлақ тау-шаңғы жолдарына саяхат ұйымдастырылды.

Инфотур барысында «канатты жолмен» серуен, табиғат аясындағы дастархан барысында ақпараттық-түсіндіру, психологиялық жаттығулар өткізілді. 

Шара барысында мамандар «Қазақстаның ұлттық құндылықтары: қазақ халқының салт-дәстүрлерін сақтау» тақырыбында дәріс және «Отбасы құндылықтары» тақырыбында тренинг өткізді. Талқыланған тақырыптар бойынша диспут өткізіліп, белсене қатысқан әйелдерге сыйлықтар таратылды.


Сонымен қатар қатысушылар ұлттық киім үлгілерін дәріптейтін фото түсірілімге қатысты.

Шараға барлығы 16 әйел, 7 бала қатысты.