
Ағымдағы жылдың 23-24 тамыз күні Алматы қаласында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің тапсырысымен «Рухани Жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен облыстық ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелеріне арналған 2 күндік «Дін мәселелері бойынша білікті мамандар даярлау» тақырыбындағы оқыту семинары мен тренингі өтті.
Жоба асында АТТ мүшелерінің кәсіби даярлығын шыңдау мақсатында, оларға халық арасында түсіндіру шараларын ұйымдастырудың әдістері, мақсатты топтармен коммуникациялық байланыс, шешендік өнер, көпшілік ортада сөз сөйлеудің тәсілдері және т.б. бағыттағы семинарлер, тренингтер өткізу көзделген.
Семинарға Алматы облысының Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар, Ұйғыр, Райымбек, Кеген аудандары және Қонаев қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысып, біліктіліктерін арттырды.