Облыстың діндар жамағатына арналған оқыту курсы өтті

Облыстың діндар жамағатына арналған оқыту курсы өтті

Алматы облысы дін істері басқармасы мен "Нур-Мубарак" Египет ислам мәдениеті университетінің «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл Академиясымен» бірлескен жоба аясында "Дәстүрлі рухани құндылықтардың маңызы" тақырыбында облыстың діндар жамағатына арналған оқыту курсы өтті.

Курсқа Академияның директоры, РАТТ мүшесі Т.Нүсіпханұлымен қатар, университеттің дерадикализация саласында арнайы білікті профессорлық оқытушылық құрамы (Н.Смагулов, Ы.Палтөре, А.Әкімханов және т.б.) дәріс оқыды. Аталған курс дәстүрлі түрде биыл төртінші мәрте қатарынан ұйымдастырылып келеді.

Жалпы шараға облыстың әр аудандарынан барлығы 50-ге жуық жамағат қатысып, дәстүрлі ислам дінінің негізгі құндылықтарынан, еліміздегі дін мен қоғам арақатынастарынан және өзге де өзекті тақырыптар аясында біліктіліктерін шыңдады.


​Шара соңында қатысушылар «Жетісу» телеарнасының журналистеріне сұхбат беріп, ұйымдастырушыларға ризашылықтарын білдірді.