
Ағымдағы жылдың 15-16 тамыз күндері Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласында Алматы облысы дін істері басқармасының әлеуметтік тапсырыс аясында "Адам және қоғам" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен облыстық ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру мен дінтанулық сауаттылықты арттыру бағытында 2 күндік оқыту курсы өтті.
Шараның негізгі мақсаты: Қазақстан Республикасының дін саласындағы мемлекеттік саясатын іске асыру жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған кешенді жоспары мен дін саласын реттеуге бағытталған өзге де заңнамалық актілер негізінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын тиімді ұйымдастыру болып табылады.
Оқыту курсына Алматы облысының Балқаш, Еңбекшіқазақ, Жамбыл, Қарасай, Іле, Талғар, Ұйғыр, Райымбек, Кеген аудандары және Қонаев қаласының ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты.
Шара соңында курсқа қатысушыларға курсқа қатысқандығын растайтын арнайы сертификаттар табысталып, сонымен қатар облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының белсенді мүшелеріне ынталандыру сыйлықтары берілді.