
22-23 маусым күндері, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н. Назарбаев орталығының мамандары Алматы облысына арнайы іссапармен келді.
Аймақтың діни ахуалын талдау мақсатында басқарма басшысы Бауыржан Амангелдіұлымен кездесті.
Жоспар бойынша облысқа қарасты Ұйғыр, Жамбыл, Қарасай аудандарында «Қазақстан Республикасындағы діни конверсиялар: ағымдағы жағдайды талдау» «Діни құлшылық ету орындары: діни туризм және зиярат жасау тәжірибелерінің қазіргі жай-күйін талдау» «Қазақстандағы исламдық бағыттар мен ағымдар: қазіргі жағдайы, әлеуеті, тәуекелдері мен қауіп-қатерлері» тақырыптары бойынша тереңдетілген сұхбаттар жүргізді.