«Имам барысы» атты қазақ күресінен турнир өтті

«Имам барысы» атты қазақ күресінен турнир өтті

13 маусым күні, облыс орталығы Қонаев қаласында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ислам және ізгі қоғам» жылы аясында ҚМДБ Алматы облысы бойынша өкілдігі мен облыстың дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастырумен «Имам барысы» атты қазақ күресінен турнир өтті.

Имамдар арасындағы қазақ күресіне Алматы облысына қарасты қала, аудан, ауыл мешіттерінің имамдары қатысты. Турнирге жалпы 30-ға жуық дін қызметкері екі салмақта, яғни 60-80 келі, 80-100 келі салмақ дәрежелерінде бақ сынасты.


Турнирде жүлделі орын алған жеңімпаздар ақшалай сыйақы және арнайы медальмен марапатталды. Жүлделі бірінші орынға умраға жолдама берілді.