Діни экстремистік материал таратқан тұрғын жазаланды

Діни экстремистік материал таратқан тұрғын жазаланды

Алматы облысында 37 жастағы азамат "Телеграм" мессенджерінде діни экстремистік материалдарды таратқан. Заң қырына іліккен азамат Жамбыл ауданының тұрғыны болып анықталды.

Аталған азамат 2014 жылғы 25 ақпандағы Астана қаласы Сарыарқа аудандық сотының шешімі бойынша тыйым салынған әдебиеттер мен ақпараттық материалдар тізімінде тұрған, Қазақстан Республикасының аумағында экстремистік деп танылған кітап таратқаны үшін Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 453-бабының 2-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып және бұқаралық ақпарат құралдарының өнімдері тәркіленіп, 48 300 (қырық сегіз мың үш жүз) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды.