
Құқық қорғау органдарының (жергілікті полиция, көші-қон полициясы және т.б.) қызметкерлерімен құқық теңдігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша және шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дініне, көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге де белгілер бойынша кемсітушілікке жол бермеу және діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жыл басынан Қарасай, Іле, Талғар, Еңбекшіқазақ, Ұйғыр, Кеген, Балқаш аудандары мен Қонаев қаласында 11 ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, 300-ге жуық құқық қорғау қызметкерлері қамтылды.
Аталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын Алматы облысының дін істері басқармасына қарасты Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының теолог-дінтанушы мамандары өткізді.