
Ағымдағы жылдың 16-17 мамыр күндері, Алматы облысының дін істері басқармасы мен Алматы облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлескен жоспар негізінде қоғамда тұрақтылықты, этносаралық және конфессияаралық келісімді сақтау, деструктивті діни идеологияға азаматтардың иммунитетін қалыптастыру бойынша экстремизм мен терроризмнің алдын алу мақсатында Ұйғыр, Кеген және Райымбек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлерімен кездесу өтті.
Іс-шараға Алматы облысының дін істері басқармасының Діни ахуалды талдау ақпараттық-насихаттау және әдістемелік жұмыс бөлімінің басшысы Ерлан Матаев қатысып, ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізді.
Аталған шараға Ұйғыр, Кеген және Райымбек аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қызметкерлері барлығы 50-ге жуық адам қатысып, деструктивті діни идеологияға азаматтардың иммунитетін қалыптастыру бойынша экстремизм мен терроризм туралы толық мәлімет алып, шара соңында сұрақтарын қойып қанағаттанарлық жауаптарын алды.