Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің жанындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Алматы облысында жұмыс жүргізді

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитетінің жанындағы Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобы Алматы облысында жұмыс жүргізді

Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу, сондай-ақ деструктивті діни ағымдар идеяларының таралуына қарсы тұру мақсатында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері комитеті жыл сайын жалпы халық арасында жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.

Алдын алу жұмыстарының міндеттерінің ішінде Комитет халықтың діни сауаттылығын арттыруға, қоғамда дәстүрлі рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыруға және діни экстремизмнің алдын алуға ерекше көңіл бөледі.

2023 жылғы 15-19 мамыр аралығында Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері облыс орталығы – Қонаев қаласының, сондай-ақ Алматы облысының қалалары мен ауылдарының білім беру, мәдениет және спорт ұйымдары, мемлекеттік және діни ұйымдары базасында 20-дан астам іс-шара өткізді. Алдын алу жұмыстарымен түзеу мекемелерінде ұсталатын адамдар да қамтылды.

Айта кетерлік жайт, халықпен түсіндіру және алдын алу жұмыстары Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының қызметімен ғана шектелмейді. Осындай жергілікті деңгейдегі топтар әр аймақта жыл бойы жұмыс істейді. Сондай-ақ Комитет арқылы аймақтық дін істері жөніндегі басқармаларды әдістемелік қамтамасыз ету, мониторингтік-талдау жұмыстарының кең ауқымы тұрақты түрде жүргізілуде.