Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай түзеу мекемесінде кездесу өтті

Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай түзеу мекемесінде кездесу өтті

А.ж. 16 наурыз күні ҚАЖД номері №57 мекемесінде Наурыз мейрамы мен Қасиетті Рамазан айының құрметіне орай "Қазақ мәдениеті және дәстүрлі ислам құндылықтары" тақырыбында шаралар кешені ұйымдастырылды.

Кездесу барысында діни көзқарастары үшін есепке алынғандармен "Нұр-Мубарак" университетінің phd докторанты Нұрсұлтан Мәметбай кездесу өткізді.

Кездесу еркін форматта, Наурыздың құрметіне орай жайылған дастархан басында ұйымдастырылды. Қатысушылар келген теологтардан оразаға қатысты сұрақтарын қойып, белсенділік танытты. Барлығы 30-ға жуық діндар сотталғандар қатысты.

Сонымен қатар, жалпы жазасын өтеушілер арасында шахмат, шашки және тоғызқұмалақ ойын түрлерінен турнир ұйымдастырылып, жеңімпаздарға Дін істері басқармасы тарапынан бағалы сыйлықтар табыс етілді. Жетісу телерадио канал журналистеріне жазасын өтеушілер ерікті түрде сұхбат беріп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.