«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында шара өтті

«Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында шара өтті

14 ақпан күні, Қонаев қаласында орналасқан «Қонаев көпсалалы колледжінде» Алматы облысының дін істері басқармасы «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» КММ және Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жолдары» тақырыбында іс – шара өтті.

Шараға спортқа қызығушы жастар, коледж студенттері және спорт жаттықтырушылары қатысты.

Іс-шараның мақсаты: Спортшылар мен жастардың дәстүрлі рухани құндылықтарын жаңғырту, ілгерілету, адамгершілік және зайырлылық қағидаларын насихаттау, діни экстремизм идеологиясын таратудың алдын алу, ұлттық сананы тағылымы мол тарихымызбен ұштастырып, қатысушылардың теріс пиғылды діни ағымдарға қарсы тұру иммунитетін қатайту.

Ақпараттық-түсіндіру жұмысына РАТТ мүшесі, дінтанушы, психолог Мүтебаев Қанат Маратұлы тартылды.