
14 ақпан күні, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» мен «Жастар ресурстық орталығы» бірлесе Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылының мәдениет үйінде «Жастар және дін»тақырыбында кездесу ұйымдастырып өткізді.
Дәріскер ретінде белгілі теолог, дінтанушы, «Зәм-Зәм» мешітінің бас имамы, Нұрлан Байжігітұлы шақырылды.
Іс-шараның мақсаты: Жастардың діни сауаттылығын арттыру, рухани тұрғыда байыту, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпымызды жастар санасына сіңіру, дәстүрлі емес бағыттағы ағымдардан сақтандыру.
Кездесуге 500-ге жуық студент жас қатысты.