
7 ақпан күні, Алматы қаласында орналасқан «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениет университетінде аталған университеттің бітіруші Алматы облысының түлектерімен кездесу өтті.
Аталған кездесу Алматы облысы дін істері басқармасы және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Алматы облысы бойынша өкілдігімен бірлесіп өткізілді.
Аталған шараға облыстық дін істері басқармасының бөлім бастығы м.а Е. Матаев және ҚМДБ-ның Алматы облысы бойынша өкілдігінің бірінші наиб имамы Д. Жандосұлы және 20-ға жуық студент қатысты.
Кездесу барысында «Нұр-Мүбарак» университетінде білім алып жатқан облыс студенттерімен еркін пікір алмасып, дінтану және исламтану мамандықтарының білімгерлерін оқуды тәмамдаған соң жұмысқа тарту бойынша ұсыныстармен бөлісіп, келген қонақтар түлектердің толғандырған сұрақтарына нақты жауаптар берілді.