Әлеуметтік желідегі танымал имам Алматы облысының жастарымен кездесті

Әлеуметтік желідегі танымал имам Алматы облысының жастарымен кездесті

6 ақпан күні, «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» мен «Жастар ресурстық орталығы» бірлесе Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласындағы Т. Молдағалиев атындағы мәдениет үйінде «Жалынды жастар-жарқын болашақ» тақырыбында кездесу ұйымдастырып өткізді.

Дәріскер ретінде белгілі теолог, дінтанушы, «Зәм-Зәм» мешітінің бас имамы, Нұрлан Байжігітұлы шақырылды.

Іс-шараның мақсаты: Жастардың діни сауаттылығын арттыру, рухани тұрғыда байыту, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпымызды жастар санасына сіңіру, дәстүрлі емес бағыттағы ағымдардан сақтандыру.

Кездесуге 500-ге жуық студент жас қатысты.

Имамның бірінші кездесуі Еңбекшіқазақ ауданында басталды. Ендігі жоспар – Жамбыл ауданындағы кіші буын өкілдерімен кездесу.