
21 маусым күні, Алматы облысында әйелдер арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Түсіндіру жұмыстарының барысында «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау» тақырыбы да қозғалып ақпараттар берілді. Аталған кездесуге Республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері Усенова Зейнеп пен Ұзақбаева Лаура қатысты.
Сарапшылар діннің рухани-адамгершілік құрамдас бөлігі мәселелерін, шариғаттағы пара алу мәселесі сондай-ақ деструктивті діни ағымдардың әсеріне қарсы тұру шараларына ерекше назар аударды.
Тыңдаушылар тарапынан да РАТТ мүшелеріне бірқатар сұрақтар қойылып, тұщымды жауаптар алынды.