
29 сәуір күні, Алматы облысының дін істері басқармасына қарасты «Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығы» КММ мен «Нұр Мүбарак» ЕИМУ-нің «Діни экстремизмге қарсы іс-қимыл орталығыны» бірлесе отырып Іле ауданы, Жауғашты ауылында орналасқан ЛА-155/4 әйелдер түзеу мекемесінде рухани кеш ұйымдастырылды. Кеш барысында 63 әйелге ауызашар пакеттері мен сыйлық қоржындары таратылды. Білікті теолог мамандардың қатысуымен түрлі тақырыптарда ақпараттық түсіндіру жұмыстары мен треннингтік жаттығулар жүргізіліп, жазасын өтеп жатқан әйелдерге психологиялық қолдау көрсетілді. Шарада аталған мекемеде, теологтардың қолдауымен жазасын өтеуші әйелдерге рухани қолдау мен тура жолды көрсету мақсатындағы дәрісі ерекше әсер қалдырды.