"Асыл дін-тәрбиенің рухани тірегі" танымдық-тарихи кеш өтті

"Асыл дін-тәрбиенің рухани тірегі" танымдық-тарихи кеш өтті

Бүгін, Талдықорған қаласында орналасқан Абай атындағы №1 орта мектеп-гимназиясында «Асыл дін – тәрбиенің рухани тірегі» танымдық-тарихи кеш өтті.

 Шараның мақсаты: Асыл дініміздің рухани бастауымен таныстыра отырып, оқушыларды діни және теріс бағыттағы ағымдардан аулақ болуға, дін туралы білімдерін кеңейту, рухани тазалығын сақтауға үйрету.

 Қойылымның міндеттері: Бүгінгі жас ұрпақты асыл дініміздің мәйегі ұлттық құндылықтарымызбен, тілімізбен, тарихымен таныстыру;

Діннің рухани бағыттармен байланысына назар аударту;

Оқушы санасына діни теріс ағымдардан аулақ болу идеясын сіңіру.

  Аталған шараға Алматы облысының дін істері басқармасына қарасты «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» директорының орынбасары, дінтанушы @yerlan_matayev Жұманұлы қатысып, дін турасында сөз сөйлеп, оқушылар қойған сұрақтарға жауап берді.