Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай мерекелік іс-шара өткізілді

Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 28 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті. Шара шымылдығы Ұлы даланың ұлық мерекесіне арналған бейнероликті тамашалаудан бастау алды. Егемен ел аталғалы дербес мемлекетіміз қаншама қиындықтарға жолықса да, тастай берік төзімділігінің арқасында жалпақ әлемге мәшһүр болды. Жылдар жаңғырығынан ызғарлы Желтоқсан оқиғасын да алып тастай алмаймыз. Кездесу барысында «Жетісулық желтоқсандықтар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ермұхан Жүнісхан ағамыз Орталық қызметкерлеріне «Отан», «Азаттық», «Тәуелсіздік» деген ұғымның ұлылығын, баға жетпес байлықтарымыз жайлы орамды ойларын ортаға салды: «Желтоқсан оқиғасына қатысқан боздақтарымыздың есімі ел есінде, қатпар тарихтың қойнауында мәңгі сақталары анық. Олардың «ұлт» жолында атқарған ұлылығын біз әсте есімізден шығармауға тиістіміз. Түп шежіресі сонау ежелгі түркіден бастау алатын, «мың өліп, мың тірілген» халқымыз бағзы заманнан бері қабырғалы қалпын, салиқалы салтын сақтап қалғаны – сол еркіндік пен асқақ рухының арқасы деп білеміз». Тұғырлы тәуелсіздігіміз бен еңселі егемендігіміз баянды болсын!