
|
Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен өткен ҚМДБ-ның Төралқа мәжілісінде облыс, қала және өңір бас имамдары 19 бағыт бойынша есеп берген болатын. Аталған төралқа мәжілісінде пәтуа, уағыз-насихат, діни білім және кадрлар даярлау, мешіт істері, қажылық, қайырымдылық, діни кеңес беру, баспасөз, жастармен жұмыс, қыз-келіншектер секторы, т.б. бағыттар бойынша бас имамдардың есебі тыңдалып, нәтижелі жұмыс көрсетіп, үздік бестікке енген Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Жамбыл, Павлодар облыстары, Талдықорған өңірінің бас имамдарына Серікбай қажы Ораз мырза арнайы алғыс айтты. |