
28-30 наурыз аралығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Дін істері комитетінің бастамасымен Алматы қаласында «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің базасында дін мәселелері бойынша ақпараттық-түсіндіру топтары мүшелерінің біліктілігін арттыру курстары ұйымдастырылды Негізгі мақсаты халықтың нысаналы топтары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысының тиімділігін арттыру, оның ішінде алдын-алу жұмыстарына инновациялық тәсілдерді енгізу жолы арқылы арттыру болып табылады.
Спикер ретінде, «Нұр-Мүбарак» Египет ислам мәдениеті университетінің проректоры Қайрат Құрманбаев, Дін істері комитетінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын үйлестіру басқармасы басшысының м.а. Ердәулет Кенжеханов, Атырау облысы бойынша «Ақпараттық-талдау орталығының» директоры Рүстем Сейітқалиев, Қарағанды облысының «Конфессияаралық қатынастар проблемаларын зерттеу және талдау орталығы» КММ директоры Дулат Төлегенов, PhD теолог, профессор Алау Әділбаев, профессор Қайрат Затов, PhD доктор Мұқан Исахан, PhD доктор Түсіпхан Имаммади, PhD докторанттар Ернар Есімқұлов, Нұржан Стамбакиев және Данияр Сүлейменов сынды дін саласындағы жетекші сарапшылар тартылды.
Оқу жоспары 22 академиялық сағатты құрады. Үш күндік курс бағдарламасы теориялық және практикалық дайындықты қамтыды Министрлік тарапынан ұйымдастырған курстар оқытылған мамандарға экстремистік идеологияға қарсы іс-қимыл үшін халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмысын неғұрлым тиімді және сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.Оқыту курстарына Алматы облысынан ақпараттық түсіндіру топ мүшелерінен 10 адам қатысып, біліктілігін арттырғандығын куәландыратын сертификаттар алды.