
Бүгін ҚМДБ-ның білім және кадрларды даярлау бөлімінің меңгерушісі РАНТ мүшесі Сейтбеков Смайыл Сүйерқұлұлы Талдықорған өңіріне арнайы іс-сапар барысында Алматы облысы Дін істер басқармасының басшысы Ниет Бауыржан Амангелдіұлымен кездесті.Кездесуге Талдықорған өңірінің бас имамы Алмас Сағидоллаұлы, Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы директорының орынбасары Матаев Ерлан қатысты.
Кездесу барысында басқарма басшысы өңірдегі өкілдіктердің атқарып жатқан жұмыстры бойынша сөз қозғап, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстардың жай күйі талқыланды.Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, діни радикализмнің алдын-алу, жаңа діни кадрларды Жетісу жеріне жұмысқа тарту туралы мәселелер көтерілді.Кездесу соңында Смайыл Сүйерқұлұлы орталықтың “Дінсақшы” бағдарламасына сұхбат берді.