
Бүгін төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлерімен "Дәстүрлі емес діни ағымдардың идеологияларынан сақтану жолдары" тақырыбында семинар өткізілді.
Семинарға Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының теолог маманы Айбек Тұрсынұлы және Діни экстремизм құрбандары мен деструктивті ағым ұстанушыларын оңалту орталығының бөлім бастығы Рустам Ержанұлы қатысты.
Семинардың мақсаты қызметкерлер арасында дәстүрлі емес діни ағымдарға қатысты туындаған сұрақтарға жауап беру және қызметкерлерді діни ағымдардың идеологияларынан сақтандыру болып табылады.
Шараға жалпы саны 50 ге жуық департамент қызметкерлері қатысты.