
Бақанас ауылдық округінің мәдениет саласының қызметкерлерімен «Интернет кеңістігіндегі жалған діни парақшалардан сақтану» және Балқаш аудандық спорт кешенінің жаттықтырушылармен «Діни сауаттылықты арттыру» тақырыптарында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы» директорының орынбасары Е.Матаев және орталықтың теолог маманы А.Тұрсынұлы жүргізді.
Кездесудің мақсаты - интернет кеңістігіндегі жалған діни парақшалардан сақтану және діни сауаттылықты арттыру болып табылады.
Кездесу соңында орталықтың дінтанушы мамандары А.Жанғали мен М. Үйсіпхан «Ақпараттық түсіндіру тобының тиімділігі» тақырыбында кездесуге қатысушылар арасында сауалнама жүргізіп, ақпараттық таратпа материалдар таратты.