ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫ ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНДА

ОБЛЫСТЫҚ АҚПАРАТТЫҚ ТҮСІНДІРУ ТОБЫ ҚАПШАҒАЙ ҚАЛАСЫНДА

10 наурыз күні, Қапшағай қаласының Үздіксіз білім беру колледжінде "Дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану" жане Қапшағай қаласы мәдениет саласының қызметкерлерімен "Экстремизм мен терроризмнің алдын алу" сондай-ақ, Қапшағай қаласының жасөспірімдерге арналған спорт мектебінің жаттықтырушыларымен "Деструктивті діни ағымдардың топтық сипаттары" тақырыптарында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Ақпараттық түсіндіру жұмыстарын "Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы" директорының орынбасары Е.Матаев, орталықтың бөлім бастығы А.Асанов және орталықтың теолог маманы А.Тұрсынұлы жүргізді.

Кездесудің мақсаты - дәстүрлі емес діни ағымдардан сақтану және экстремизм мен терроризмнің алдын алу мен деструктивті ағымдардың топтық сиппаттары болып табылады.

Кездесу соңында орталықтың дінтанушы маманы М.Үйсіпхан «Ақпараттық түсіндіру тобының тиімділігі» тақырыбында жастар арасында сауалнама жүргізді. Сондай-ақ жастарға ақпараттық таратпа материалдары таратылды.