
4 ақпан күні Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының БАҚ-пен өзара іс-әрекет және АТТ қызметін қамтамасыз ету бөлімінің басшысы А.Асанов және Интернет ресурстарда киберқадағалау мен контрнасихат жұмыстарын қамтамасыз ету бөлімінің дінтанушы-маманы Е.Қалмұрат дарынды балаларға арналған үш тілде оқытатын Мұхтар Арын атындағы №24 «Экономика және бизнес» арнаулы лицейінің 9,10,11 сынып оқушыларымен «Жастар арасында экстремизм мен терроризмнің алдын алу» тақырыбында ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, көкейде жүрген сауалдарға жауап алды. Шараға жалпы саны 40 оқушы қатысты.