Тағайындау

Тағайындау

Бүгін менің бұйрығымен облыстық Дін істері басқармасына қарасты "Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығы" КММ директорының орынбасары лауазымына Супабеков Жандос Анарбекұлы тағайындалды.

​Жандос Анарбекұлы ұзақ жылдар аралығында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде бөлім бастығы, облыстық ішкі саясат басқармасында бөлім басшысы, дін істері басқармасына қарасты Орталық директорының орынбасары, «Нұр-Отан» партиясының облыстық филиалында партиялық бақылау жөніндегі Инспекторы, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының облыстық филиалында менеджер, бизнес-жаттықтырушы, сондай-ақ, азаматтық және қоғамдық ұйымдарда жетекші қызметтерді атқарған білікті маман. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің офицерлерді даярлау жөніндегі әскери кафедрасын тәмамдаған.

Осыған орай, Жандос Анарбекұлына алдағы қызметіне сәттілік тілей отырып, еліміздің дін саласындағы мемлекеттік саясатын жетілдіруге елеулі үлес қосады деп сенім білдіремін.