Әскери қызметшілермен кездесу өтті

Әскери қызметшілермен кездесу өтті

Бүгін Талдықорған қаласы 5514 әскери бөлімшесінде әскери қызметшілермен кездесу өткізіліп, шараға Дін саласындағы мәселелерді зерттеу орталығының атынан теолог Естай Қалмұрат @yestay.ql пен дінтанушы Нурсолтанов Рустам қатысты.

Шараның мақсаты – деструктивті ағымдардың манипуляция әдістерін түсіндіру және әскери қызметшілер арасындағы діни экстремизм қаупінің алдын алу.Шара барысында әскерилер өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алып, таратпа материалдар үлестірілді. Каратин талаптарын сақтай отырып өткізілген шарада 100 адам қамтылды.